АҚШ Еуроодақ тауарларына қосымша баж салығын енгізбек

121

Вашингтон бұл жақын арада қабылданатын шара екенін хабарлады. 

АҚШ Еуроодақ тауарларына қосымша баж салығын енгізбек Фото: eadaily

АҚШ президенті Дональд Трамп Эндрюс әскери базасында журналистерге берген сұхбатында Еуропалық Одақтан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізуге шешім қабылдағанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл Еуропалық Одаққа қатысты болатынын айта аламын. Себебі олар бізді пайдаланып отыр", - деді Ақ үй басшысы.

Трамп АҚШ ЕО-мен саудадағы протекционистік шараларды "жақын арада" қабылдайтынын атап өтті.

АҚШ-тың ЕО-мен екіжақты саудада 300-350 миллиард доллар көлемінде тапшылық бар. ЕО елдері АҚШ автомобиль өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алмайды, деді Дональд Трамп. 

"Олар бізден ештеңе сатып алмайды. Ал біз олардан бәрін сатып аламыз", - деді АҚШ президенті. 

Ақ үй басшысы Ұлыбританияның АҚШ-пен сауда саясатын да сынға алды. 

"Меніңше, бұл мәселе шешілуі тиіс", - деді Трамп. 

Сөзінше, ол Ұлыбританияның премьер-министрімен "өте жақсы қарым-қатынаста".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу