АҚШ Еуроодақ тауарларына тағы да салық салмақ

949

АҚШ бұған дейін Еуроодақ Airbus-ты қаржыландыруды тоқтатпаса, одақ тауарларына жаңа салық салатынын ескерткен болатын.

АҚШ Еуроодақ тауарларына тағы да салық салмақ

АҚШ Еуроодақтың бірқатар тауарына салық салмақшы. Одақтың әуе саласын қаржыландыруы Вашингтонды осындай қадамға итермелеп отыр. Бұл туралы Bloomberg басылымы жариялады. 

Құрама Штаттар сауда өкілінің хабарлауынша, салықтың жалпы көлемі 21 миллиардтан 25 миллиард долларға өсіп отыр.

АҚШ бұған дейін Еуроодақ Airbus-ты қаржыландыруды тоқтатпаса, одақ тауарларына жаңа салық салатынын ескерткен болатын.

Бұған дейінгі тауарлар тізімінде азаматтық тікұшақтар мен ұшақтар, ірімшік, зәйтүн майы, шырын, шарап және ақсерке балығы бар еді. Ал жаңа тізімге бірқатар азық-түлік, химикаттар мен металдар енгізіліп отыр.

АҚШ тарапы Еуроодақтың Airbus-ты қаржыландыруынан жыл сайын 11 миллиард шығын келіп отыр деп уәж келтіреді. Қазір осы мәселе Дүниежүзілік сауда ұйымында талқылануда. Ал Airbus компаниясы ресми Вашингтонның бұл әрекетінің саудаға кері әсер етіп отырғандығын алға тартады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу