АҚШ Президенті Джо Байден альянс саммиті аясында НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесу барысында Америка Құрама Штаттары Еуропадағы әскерилерінің санын арттыратынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Америкалық президент альянс ауада да, құрлықта да, теңізде де қауіп-қатерлерге төтеп бере алуы керектігін атап өтті.
Байден АҚШ-тың Еуропаға F-35 жойғыш ұшақтарының екі қосымша эскадрильясын жіберетінін және Испаниядағы америкалық базада орналасқан жойғыштардың саны алтыға дейін көбейетінін айтты. Сонымен қатар Вашингтон Польшада АҚШ Қарулы Күштерінің 5-ші әскер корпусының штабын орналастырмақ.
15 маусымда АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға 1 миллиард доллар болатын тағы бір әскери көмек пакеті, гуманитарлық көмек көрсету үшін 225 миллион доллар бөлінетінін жариялады.
Табиғат Нұрболат