"АҚШ Еуропадағы әскерилерінің санын азайтпайды"

794

Ақ үй басшысы егер ресми Мәскеу шиеленісті ушықтырса, оған қарсы ауқымды санкциялар салынатынын жеткізді.

"АҚШ Еуропадағы әскерилерінің санын азайтпайды"

Америкалық Президент Джо Байден Америка Құрама Штаттары Еуропадағы әскерилерінің санын азайтпайтынын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz. Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Егер Ресей Украинаға басып кірсе, біз Румыниядағы және басқа елдердегі әскерилеріміздің санын көбейтеміз. Бұл елдерді қорғау туралы міндеттелеріміз бар", – деді ол.

Байденнің айтуынша, Ресей билігі Украинаға қатысты түпкілікті шешім қабылдаған жоқ. Ресей Батыспен соғысқысы келмейді деген пікірде Байден.

Ақ үй басшысы егер Мәскеу шиеленісті ушықтырса, оған қарсы ауқымды санкциялар салынатынын жеткізді. 

Өткен аптада CNN арнасы АҚШ билігі Украинаға 200 миллион доллар көлемінде қосымша әскери көмек бөлді деп хабарлаған еді. Америкалық тарап Украинаға қару-жарақ, оқ-дәрілер, медициналық жабдықтарды жібермек. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу