АҚШ еуропалық тауарларға тарифті көтереді

773

Тізімге енгені – ұшақ пен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпке арналған өнімдер. Дені Франция, Германия, Испания және Британиянікі.

АҚШ еуропалық тауарларға тарифті көтереді

18 қазаннан бастап АҚШ Еуро Одақ елдерінде өндірілетін жалпы құны 7,5 млрд доллар болатын тауардың тарифын көтереді, деп хабарлайды Atameken Business.

Тізімге енгені – ұшақ пен ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпке арналған өнімдер. Дені Франция, Германия, Испания және Британиянікі. Америкалықтар мұндай шешім қабылдау үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының рұқсатын алған.

Естеріңізге сала кетсек, АҚШ Еуропаны "Эйрбас" үшін қомақты субсидия бөлді деп айыптап, 15 жыл бойы соттасқан болатын. Сонымен келесі айдан бастап, әуе көліктері үшін салынатын баж салығы 10, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпке арналған өнімдердікі 25%-ға артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу