АҚШ EXPO-2023 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатыр

919

АҚШ EXPO-2023 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалып жатыр

АҚШ тарабы 2023 жылғы ЕХРО-ны қабылдау мақсатында сайлау науқанына дайындық жасай бастады, деп хабарлайды 24.kz.

"Қазақстан мен АҚШ-тың көптеген мамандарының күшімен ЕХРО 2017 көрмесінде Америка павильоны ашылды. Біздерге адамдар көп келеді. Бұл екі ел арасындағы достықтың көрінісі дер едім. Арадағы ықпалдастық арта беретініне сенімдімін. Тіпті екі ел арасындағы қарым-қатынас нығая түсетіні анық", — деді Америка павильоны кеңесінің мүшесім Марджери Краус.

Астана ЕХРО 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі АҚШ павильонын ұйымдастырушылар Қазақстанмен ынтымақтастықты дамыта түсуге мүдделі екенін айтады.

"Біздер АҚШ пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарды құптаймыз. ЕХРО 2017 көрмесі Қазақстанды америкалық инвесторларға жақындата түседі деген ойдамыз. Қазақстанмен іскерлік қарым-қатынас орнату екі жаққа да тиімді дер едім. Сонымен қатар байланыстың жандана түсеріне сенім мол", — деді Baker & McKenzie компаниясының өкілі Томас Файерсон.

Америкада ЕХРО соңғы рет 1984 жылы өткен екен. Одан бері отыз жылдан асты. Алайда АҚШ 2001 жылдан бері халықаралық көрмелер бюросының ресми мүшесі емес. Қазақ еліндегі ЕХРО 2017 көрмесі халықаралық жобаға қатысуға мүмкіндік берген маңызды шара саналып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу