АҚШ федералды резерв жүйесінің төрайымы Джанет Йелленнің айтуынша, қаржылық дағдарыс енді қайта келмейді, өйткені банк секторы қазір қаржылық реттеулердің арқасында барынша нығайған, деп хабарлайды naryk.kz.
"Менің ойымша, қаржы дағдарысы енді мүлде болмайды. Мүмкін, қателесуім де ықтимал, бірақ менің пікірім осындай. Қазіргі банк секторы барынша қуатты. Біздің толқын қаржы дағдарысын мүлде көрмейтін болады. Банктердің өзіндік капиталына қарайтын болсаңыз, оның дағдарысқа төтеп бере аларлық екенін көресіз. Барлық компаниялар стресс-тесттен өтті", — дейді Йеллен.
Федералды резерв жүйесі соңғы қаржы дағдарысынан сабақ алды, деді Йеллен Лондондағы баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, өткен аптада АҚШ-тың екінші деңгейлі банктері стресс-тесттен сәтті өткен еді. Елдегі жүйе құраушы 34 банк дағдарысқа төтеп бере аларлықтай жеткілікті капиталға ие.