АҚШ федералды үкіметі жұмысын тоқтатты

1050

АҚШ федералды үкіметі жұмысын тоқтатты

АҚШ федералды үкіметі соңғы 5 жылда алғаш рет қаржыландырудың жоқтығынан жұмысын тоқтатты, деп хабарайды 24.kz.

Оған сенаттағы демократтар мен республикалықтардың биылғы бюджетке қатысты ортақ шешімге келе алмай, заң жобасының қабылданбай қалуы себеп болды. Осыған байланысты енді мемлекеттік органдар кей жұмыс түрлерін жүзеге асыруды тоқтатып, көптеген мемлекеттік қызметкерлер өз есебінен демалысқа жіберіледі.

Ал демократтар биліктен заң жобасына кәмелетке толмаған жаста келген заңсыз иммигранттарды отанына қайтарудан қорғау шараларын қабылдауды сұрап отыр. Қазір тараптар арасында осы мәселе бойынша келіссөз басталды.

Айта кетейік, АҚШ конгрессі өткен айда үкіметтің жұмысын уақытша қаржыландыру туралы шешім қабылдап, ол қаңтардың 20-сына аяқталды. АҚШ-та мұндай жағдай соңғы рет 2013 жылы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу