АҚШ ФҚЖ банктерді бақылау жүйесін қатаңдатпақ

413

Бұл туралы қор төрағасы Джером Пауэлл Мадридте өткен қаржылық тұрақтылық конференциясында мәлімдеді. 

АҚШ ФҚЖ банктерді бақылау жүйесін қатаңдатпақ Фото: Википедия

АҚШ-тың Федералды қор жүйесі Silicon Valley Bankпен деңгейлес институттарды бақылауын қатаңдатпақ. Оның айтуынша, қазіргі уақытта Американың банк жүйесі мықты және тұрақты, депозиттер қозғалысы қалпына келіп, қысым азайды. Дегенмен, наурыздағы дағдарыстан сабақ алу керек.

SVB проблемалары кредиттік қатерлерден емес, бұған дейін қаперге алынбаған пайыздық мөлшерлемені өзгертуден пайда болды,- дейді төраға. Сондықтан алдағы уақытта ірі банктерді бақылауға алып, дағдарыстың алдын алу шараларын қабылдау қажет екендігін атап өтті. Айтқандай, қор жүйесі маусым айында проценттік ставканы көтермейтін болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу