АҚШ ФРҚ пайыздық мөлшерлемені көтерді

270

Бұған Ақ үй басшысы Дональд Трамп қарсылығын білдірді.  

АҚШ ФРҚ пайыздық мөлшерлемені көтерді Фото: JEENAH MOON / REUTERS

АҚШ Президенті әлеуметтік желідегі парақшасына "Мөлшерлеме деңгейі 1 пайыз немесе одан төмен болуы" керек деп жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Федералды резерв қоры кейінгі 3 жылда алғаш рет пайыздық мөлшерлемені көтерді. Яғни, 25 базалық тармаққа өскен. Сөйтіп мөлшерлемені 3,75-4% аралығына жеткізу туралы шешім қабылданып отыр.

Дональд Трамп 2026 жылғы 16 қыркүйектегі бірауыздан көтерілгеннен кейін ФРС мөлшерлемесін 1%-ға төмендетуді талап етті. Кевин Уорш бастаған реттеуші инфляциямен күресуді талап етті. Шешімді осы іске жауапты Ашық нарықтағы операциялар комитетінің барлық 12 мүшесі бірауыздан қолдаған.

Айта кетейік, Федералды резерв қорының басшысы Кевин Уоршты Трамп өзі тағайындаған. Уорш өз ұстанымына сенімді.

"Бұл шешім нарықты тұрақтандыру үшін қажет", – деп мәлімдеді Кевин Уорш.

Егер ФРҚ Трамптың талабын орындап, қазіргі 3,4% инфляция кезінде мөлшерлемені 1%-ға түсірсе, бұл бағаның бақылаусыз өсуіне әкелуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу