АҚШ Гаити президентінің өліміне қатысты тергеу жүргізеді

625

Моизді өлтірді деген күдікпен ұсталған бірнеше адам бұрын АҚШ-тың құқық қорғау органдарының ақпарат берушілері болғанын хабарланған еді.

АҚШ Гаити президентінің өліміне қатысты тергеу жүргізеді Фото: reuters.com

АҚШ-тың Әділет министрлігі Гаити президенті Жовенель Моиздің өліміне қатысты тергеуді жүргізеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз хатшысы Энтони Коли мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Колидің айтуынша, қазір министрлік өкілдері Гаити үкіметіне осы шабуылды тергеуге көмектесіп жатыр. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктері келіп, Моиздің өліміне қатысты жағдай мен фактілер туралы мәлімдеме жасаған.

"Министрлік сонымен бірге АҚШ-тың қылмыстық заңнамасының бұзылғанын тексереді", – деді ведомствоның баспасөз хатшысы.

Бұған дейін CNN Моизді өлтірді деген күдікпен ұсталған бірнеше адам бұрын АҚШ-тың құқық қорғау органдарының ақпарат берушілері болғанын хабарлаған еді. Нақтырақ айтқанда, олардың бірі АҚШ-тың есірткіні таратуға қарсы күрес басқармасының, тағы бірнешеуі АҚШ Федералды тергеу бюросының ақпаратшысы болғандығы туралы жарияланды.

Гаити президентіне 7 шілдеге қараған түні шабуыл жасалып, алған жарақаттан ол сол бойда жан тапсырған еді. Осы жайттан кейін Гаитиде 15 күнге соғыс жағдайы енгізілді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу