АҚШ ғалымдары коронавирусты тез анықтайтын тест ойлап тапты

1273

Бұл тест арқылы адамның вирус жұқтырған-жұқтырмағанын шамамен 13 минутта білуге болады екен.

АҚШ ғалымдары коронавирусты тез анықтайтын тест ойлап тапты

АҚШ-та коронавирусты тез анықтайтын тест шықты. Америкалық Abbott Laboratories орталығының ақпаратына сүйенсек, бұл тест арқылы аурудың бар-жоқтығын шамамен 13 минутта білуге болады екен, деп хабарлайды Atameken Business.

Елде тек ауруханаларда ғана емес, қауіпті індет тарап кеткен аудандарға да тексерілуден өтетін құрылғылар орнатылып, дәл көшеде сынама жасалады.

Бүгінде Джонс Хопкинс универстетінің дерегі бойынша, АҚШ-та науқастардың саны шамамен 130-мыңға жетіп қалды. Осылайша әлем бойынша індет ең көп таралған ел болып отыр. Соған қарамастан ел президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте карантин енгізуге асығар емес.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу