АҚШ билігі Израиль мен Газа шекарасында ірі әскери база салу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жоспар бойынша бұл нысанда мыңдаған америкалық әскерилер орналасуы мүмкін. Сонымен қатар база өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған халықаралық бастамалардың бір бөлігіне айналмақ. Әскери нысанның құны шамамен құны 500 миллион долларды құрайды.
Болжам бойынша, жаңа базаны құрудың басты мақсаттарының бірі – АҚШ-тың өңірдегі ахуалды тікелей бақылау қабілетін арттыру және Израильмен ынтымақтастыққа тәуелділікті азайту.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу