АҚШ Газа тұрғындарына визалар беруді уақытша тоқтатты

203

Бұл туралы ведомство 16 тамыз, сенбі күні X әлеуметтік желісінде ресми хабарлама жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап.

АҚШ Газа тұрғындарына визалар беруді уақытша тоқтатты Фото: canva.com

АҚШ Мемлекеттік департаменті Газа секторынан шығатын адамдарға виза беруді уақытша тоқтатты. 

Хабарламада рәсім "толық әрі мұқият тексеру жүргізілгенге дейін уақытша тоқтатылғаны" айтылған.

Соңғы уақытта АҚШ Газа тұрғындарына "медициналық және гуманитарлық көрсеткіштер" бойынша аздаған уақытша визалар бергенін де ведомство атап өтті.

Reuters агенттігінің мәліметінше, 2025 жылы АҚШ 3 800-ден астам B1/B2 санатындағы қонақ визасын ұсынған. Бұл визалар Палестина ұлттық әкімшілігі берген жол жүру құжаттарының иелеріне елде ем алу мүмкіндігін береді. Тек 2025 жылдың мамыр айында ғана 640 виза берілгені белгілі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу