АҚШ Green Card беруді қатаңдатады

1532

Енді АҚШ-қа Green Card ұтып алған адам да оп-оңай мұхит асып кете алмайды. 

АҚШ Green Card беруді қатаңдатады

Ақ Үй жасыл карталарды үлестіру тәртібін қатаңдатпақ, деп хабарлайды Atameken Business.

Нақтырақ айтсақ, Трамптың жарлығында "Америка билігі әлеуметтік өтемақы алу үшін келгендерді елге кіргізбеуге құқылы болады" деп жазылған.

Биылғы қазанда күшіне енетін құжатта төлемақылардың түрлері де көрсетілген: медициналық сақтандыру, аз қамтылғандарға азық-түлік талондары және басқалары.

Енді бұл факторлар адамның жасы, денсаулығы, қаржылық әлеуеті мен білім деңгейіне сай есептелуге тиіс. Бұл ережеге соңғы 3 жылда 12 айдан артық әлеуметтік өтемақы алғандар енеді. Биліктегілер болса, "осылайша елге келіп алып, мемлекетке масыл болатындардан арыламыз" дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу