АҚШ Гренландияны басып алуды көздеп отыр ма?

201

Трамптың даулы мәлімдемесіне қатысты пікір айтылды.

АҚШ Гренландияны басып алуды көздеп отыр ма? Фото: Lucas Jackson / Reuters

Сенатор Джеймс Лэнгфорд АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың Гренландияны әскери күшпен басып алуы мүмкін деген мәлімдемесін жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты NBC News-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Оклахома штатының республикашылдар өкілі "Meet the press" бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Сөзінше, АҚШ-тың басқа елге басып кіру туралы ойы жоқ. Бұдан бөлек ол "Дональд Трамптың көп нәрсе туралы өте батыл айтатынын" жеткізді.

Ол Гренландия АҚШ-қа экономикалық қауіпсіздік үшін қажет деген пікірде.

"Шынымды айтсам, президент ойын өте анық жеткізді. Ол америкалық әскерді соғыстан сақтап қалған президент. Трамп соғысты бастауға, америкалық әскерлерді кеңейтуді мақсат етіп отырған жоқ. Алайда ол Американың ұлттық қауіпсіздігін қорғағысы келеді. Себебі оның бір бөлігі  біздің экономикалық қауіпсіздігіміз бен болашағымыз", – деді сенатор.

Соңғы бірнеше аптада Дональд Трамптың Гренландияға қатысты мәлімдемелері қызу талқыланды. Джеймс Лэнкфордтың пікірі де сол уақытта жарияланды.

Трамп Truth Social-да "Америка Құрама Штаттарына ұлттық қауіпсіздік үшін қажет Гренландия халқына жүгініп", жазба қалдырған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу