АҚШ хакерлердің шабуылына Ресейдің барлау агенттіктері кінәлі деп санайды

815

"Әлем тынысынан" көретіндеріңіз:  

АҚШ хакерлердің шабуылына Ресейдің барлау агенттіктері кінәлі деп санайды

Шетелдік қонақтар. Орталық Азия мен БҰҰ СІМ Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Олар қандай шешімге келді және ең бастысы – бұл бас қосудан не күту болады?

Тыныштық керек. АҚШ-тан кейін Еуропаның әскери күштері де Ауғанстаннан кетіп жатыр. Ал ауған елінде  мемлекеттік әскер мен Талибан арасындағы қарулы текетірес жалғасуда. Ауғанстан бүгінде қалай өмір сүріп жатыр және елде қашан тыныштық орнайды?

Күтпеген шабуыл. Хакерлер АҚШ-тың республикалық партиясына шабуыл жасады. Неліктен АҚШ бұған Ресейдің барлау агенттіктері кінәлі деп санайды, бұл екі державаның қарым-қатынасына әсер ете ме және бұған кімнің қатысы бар?

Көрінбейтін жау шегінер емес. COVID қайта өршіп жатыр. Әлем биологиялық жаумен күресуді жалғастыруда... Қазақстандағы эпид жағдай қандай және неге екпе вирустан 100 пайыз қорғамайды?    

Гаити Президентін өз үйінде өлтіріп кетті. Онда енді төтенше жағдай енгізілді. Мемлекет басшысына қастандық жасаған кім ол жоғары лауазымда қандай ерекшелігімен есте қалды?

Пандемия  ескерткіші.  Данияда Гиннестің рекордтар кітабына енген ең биік құм мүсіні салынды. Автор бұл туындысы арқылы не  айтқысы келді және оны жасау үшін қанша тонна құм кетті?

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу