АҚШ халқы бір жыл ішінде 1,2 миллион адамға өсті

1160

2022 жылы дүниеге келгендердің жалпы саны 2007 жылдан бері алғаш рет өсті.

АҚШ халқы бір жыл ішінде 1,2 миллион адамға өсті

Биыл АҚШ халқы 1,2 миллион адамға көбейіп, жалпы 333,2 миллион адамды құрады. Бұл туралы американдық санақ Бюросының мәліметтерінде айтылған, деп жазады Inbusiness.kz.

Ведомствоның мәліметтеріне сәйкес, өсім негізінен басқа елдерден келгендер есебінен болған. Бір жыл ішінде АҚШ-қа 1 миллионнан астам адам көшіп келді. Бұл көрсеткіш АҚШ-қа 376 мың адам қоныс аударған 2021 жылмен салыстырғанда 168%-ға өсті.

Санақ Бюросы 2022 жылы елдегі туылғандардың жалпы саны 2007 жылдан бері алғаш рет өскенін де атап өтті.

Жалпы, АҚШ халқының жылдық өсу қарқыны 0,4% құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу