АҚШ халқының жартысы вакцина алды

929

Бұған дейін Байден вакцина ектірген әрбір адамға 100 доллардан төлеуге үндеген еді. 

АҚШ халқының жартысы вакцина алды

АҚШ-та коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны халықтың жартысы салдырды, деп хабарлады Inbusiness.kz жергілікті басылымдарға сілтеме жасап. 

Ақ үйдегі пандемия статистикасының директоры доктор Сайрус Шахпардың айтуынша, 30 шілде мен 6 тамыз аралығында алдыңғы аптамен салыстырғанда вакцинаның алғашқы дозасын алған америкалықтардың саны 11%-ға өскен.

"Қазіргі уақытта барлық жастағы халықтың 50 % толығымен препарат ектірген. Осылай жалғастыра беріңіздер", – деді ол.

Құрама Штаттарда жергілікті билік қызметкерлерді вакцинациялауға қатысты талаптарды қатайтуды ұйғарып отыр.

Бүгінде АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі вакцина алмаған қызметкерлер жұмыс істейтін институттарды федералды субсидиялардан айыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Осылайша билік қызметкерлерді екпені қабылдауға ынталандырмақ. Бірнеше күн бұрын Америка президенті штаттардың үкіметін вакцина алған әрбір адамға 100 доллардан төлеуге үндеген еді.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу