АҚШ халықаралық даму агенттігі Қазақстанға 1,5 млн доллар көмек бөледі

964

Қаржылай көмек COVID-19 пандемиясына кешенді төтеп беру жоспарының аясында іске аспақ. 

АҚШ халықаралық даму агенттігі Қазақстанға 1,5 млн доллар көмек бөледі

АҚШ үкіметі USAID ұйымы арқылы қосымша Қазақстанға тағы 1,5 миллион АҚШ долларын (619 миллион теңге) бөлмекші. USAIDCentralAsia ұйымының әлеуметтік желідегі ресми парақашасында осындай мәлімет жарияланды. Бұған дейін USAID біздің елге COVID-19 індетімен күресу үшін  3,11 миллион доллардың көмегін ұсынған болатын. 

"USAID бұл қосымша қаражатты зертханалар мен денсаулық сақтау қызметкерлерінің COVID-19 індетімен күресін жетілдіруге, мамандардың технкалық және кәсіби  мүмкіндіктерін арттыруға бағыттайды. Соңғы 20 жылда АҚШ Қазақстанға көмек ретінде 2 миллиардтан астам доллар бөлген. Оның ішінде 86 миллионнан астам доллары туберкулез (ТБ) және АИТВ ауруларымен күреске жұмсалды", – деп жазады USAIDCentralAsia.

Есімжан Нақтыбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу