АҚШ-тың қаржы министрі Стивен Мнучин Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагардқа мүше елдердің бағам саясатына "адал" тексеру жүргізеді деп үміттенетінін мәлімдеді.
Телефонмен болған әңгіме барысында С.Мнучин қор өз мүшелеріне беретін ұсыныстардың маңыздылығы туралы айтты делінген АҚШ қаржы министрлігінің сайтында.
АҚШ-тың жаңа әкімшілігі бұдан бұрын да бағам саясатын сыртқы саудада артықшылыққа ие болу үшін пайдаланатын елдерге қатысты санкция енгізуге дайын екенін ескерткен болатын.
Атап айтсақ, президент Дональд Трамп сайлау науқаны барысында Қытайға ұлттық валютаның төмен бағамының артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік берді деп өзіне дейінгі мемлекет басшысын сынады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу