АҚШ HUAWEI-ге тамызға дейін уақыт берді

956

Екі ел арасындағы сауда соғысы Apple акцияларының 3 пайызға, ал Google акцияларының 2 пайызға құлдырауына әсер етті.

АҚШ HUAWEI-ге тамызға дейін уақыт берді

АҚШ-тың сауда министрлігі HUAWEI-ге америкалықтарға 3 ай қызмет көрсетуге рұқсат берді, деп хабарлайды Atameken Business.

­­

Еске сала кетсек, сауда шиеленісінің кесірінен қытайлық компания қара тізімге енгізілген болатын. Америкада оның тұтынушылары өте көп. Сондықтан билік мәселе реттеліп, мобильді құрылғының бағдарламасы жаңартылғанша, оның лицензиясын 19 тамызға дейін созады. Бірақ осы аралықта ешқандай жаңа келісімдер жасалмайды.

Қазір қытайлар Android-ты алмастыратын жаңа операциялық жүйе дайындап жатыр. Олар байкот жариялап, жергілікті халықты Apple өнімдерін сатып алмауға шақырды. Осылайша, екі ел арасындағы сауда соғысы Apple акцияларының 3 пайызға дейін төмендеуіне әсер етті. Google-дікі 2%-ға құлдырады.

Ал Huawei акциялары биржада сатылмайды. Ол менеджерлер мен компания қызметкерлері иелігінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу