АҚШ Huawei компаниясын тыңшылық жасады деп айыптады

739

Ал ресми Қытай жоққа шығарып отыр.

АҚШ Huawei компаниясын тыңшылық жасады деп айыптады

Жақын күндері АҚШ президенті америкалық фирмаларға шетелдік телекоммуникациялық компаниялар жасаған құралдарды пайдалануға тиым салуды көздейтін құжатқа қол қояды, деп хабарлайды Bloomberg.

АҚШ өкілдері қытайлық Huawei Technologies Co. компаниясын Бейжің үкіметінің тыңшысы болуы мүмкін екендігін айтады. Ал ресми Қытай бұны жоққа шығарып отыр. Америкалық барлаушылардың назарына ZTE Corp. та іліккен.

Еске сала кетсек, өткен жылдың желтоқсанында Канада билігі Huawei-дің бас қаржы директоры Мэн Ваньчжоуды АҚШ-тың өтінішімен құрықтаған болатын. Компанияның негізін қалаушы Жэн Чжэнфэй Қытаймен байланысын жоққа шығарып бақты. Ал Мэн Ванкуверде үйқамақта отыр, тергеп-тексеру әлі жалғасып жатыр.

"Біз Қытайды желілік акция жеткізушілерін АҚШ мүддесіне қарсы қимылдауға мәжбүр етеді деп қауіптенеміз", – дейді киберсаясат жөніндегі хатшы көмекшісінің орынбасары Роберт Стрейнер.

Шенеунік бұл құжаттың Қытаймен жақын арадағы сауда қақтығысымен еш қатысы жоқ екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу