АҚШ Ирактағы әскери операцияларға қатысуын тоқтатады

915

Бұл елде 2,5 мың америкалық әскери бар.

АҚШ Ирактағы әскери операцияларға қатысуын тоқтатады

АҚШ Ирактағы әскери операцияларға қатысуды 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін тоқтатады, дегенмен олар Ирактың қауіпсіздік күштерін қолдауды жалғастырады, деп хабарлайды Inbusiness.kz қос елдің бірлескен мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Делегациялар соңғы техникалық келіссөздерде қауіпсіздік қатынастар толығымен жаттығуларға, консультацияларға, көмек көрсетуге және барлау ақпаратымен алмасуға көшіріледі және 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін АҚШ-тың ешқандай күштері әскери рөл атқармайды деп шешті", – деп жазылған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ирактың Сыртқы істер министрі Фуад Хусейннің бірлескен мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде америкалық әскердің Ирактан шығарылатыны туралы жазылмаған. Қазір бұл елде шамамен 2,5 мың АҚШ әскериі бар.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу