АҚШ: Иран Израильге 48 сағат ішінде соққы жасауы мүмкін

232

АҚШ дереккөздеріне сәйкес, Израиль билігі кез келген сценарийге дайын екендігін жария етті.

АҚШ: Иран Израильге 48 сағат ішінде соққы жасауы мүмкін Фото: polskieradio.pl/S8gy2AEgVRHyS2Q/status/

Осы аптада Иран Израильге соққы жасауы мүмкін. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен өзінің одақтастарына 48 сағат ішінде шабуыл жасалуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Euronews басылымына сілтеме жасап.

"Иран мен оның жақтастары бізді жеті майданда қыспаққа алуға тырысады. Олардың өшпенділігінің шегі жоқ, бірақ та Израиль дәрменсіз емес. Біз оларға алыс және жақын жерде қарсы тұруға бел будық. Біздің азаматтарымызды өлтірген, елімізге зиян келтірген кез келген адам жауапқа тартылады", - деді Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Аймақтағы ахуалдың өршуінен қорыққан Франция басқа батыс елдерінен кейін өз азаматтарын Ливаннан дереу кетуге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу