АҚШ Иран мен Венесуэлаға санкция енгізді

108

​Екі мемлекет аумағындағы 10 жеке тұлға мен заңды тұлға санкция астында қалды.

АҚШ Иран мен Венесуэлаға санкция енгізді Фото: iran.ru

АҚШ әкімшілігі Венесуэла мен Иран аумағында жұмыс істейтін 10 жеке және заңды тұлғаға жаңа санкциялар енгізді. Олардың ішінде дрон саудасымен байланысты компания да бар. Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігінің хабарламасында айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Санкциялардың Иран мен Венесуэла арасындағы қару саудасына қарсы  бағытталғаны белгілі болды. Қара тізімге Венесуэла мен Ирандағы 10 жеке және заңды тұлға енген. Олардың ішінде Иранға дрондар саудасын жүргізуге көмектескен Венесуэла компаниясы бар. 

Хабарламада Иранның ұшқышсыз ұшу аппараттарын және зымырандарды әзірлеу бағдарламалары АҚШ пен оның Таяу Шығыстағы одақтастарына қауіп төндіретіні көрсетілген. Бұдан басқа Иранның Венесуэлаға жеткізетін қару-жарағы АҚШ мүддесіне қауіп әкелетіні де айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу