АҚШ Ирандағы нысандарға соққы жасады

29

Соққы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы маңында жасалған.  

АҚШ Ирандағы нысандарға соққы жасады Фото: РИА Новости

АҚШ 25 мамыр күні Иранның оңтүстік-шығысындағы зымыран ұшыру алаңдары мен "кемелердің жолына мина қоюға арналған" қайықтарға соққы жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ әскерінің басқару орталығы (CENTCOM) "америкалық әскерилерді Иранның қаупінен қорғау үшін осындай әрекетке барғанын" айтады.

Соққы әлемдік мұнай тасымалының шамамен 20 пайызы өтетін Ормуз бұғазы маңында жасалған. Ирандық ақпарат агенттіктері Бандар-Аббас қаласындағы порт маңында жарылыс болғанын хабарлады. Ал Mehr агенттігі жағдайдың бақылауда екенін айтып, тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды.

Шабуылдан кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ормуз бұғазының қандай жағдай болса да ашық қалуы тиіс екенін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта АҚШ пен Иран арасындағы қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздер нақты нәтижеге қол жеткізбей отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу