АҚШ Иранды мұнай танкеріне шабуыл жасады деп айыптады

965

Израиль мен Британия да дәл осындай пікірде.

АҚШ Иранды мұнай танкеріне шабуыл жасады деп айыптады

АҚШ билігі Иран Mercer Street жапониялық танкеріне жасалған шабуылға қатысы бар деп айыптады, деп хабарлайды Inbusiness.kz Мемлекеттік департаменттің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Құрама Штаттардың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонның серіктестермен кеңесіп, осы жайтқа қатысты шара қолданатынын мәлім етті.  
Бұған дейін Британия мен Израиль Иранның танкер шабуылына қатысы бар деп жариялаған еді. Бірақ Иранның СІМ-нің ресми өкілі Саид Хатибзаде бұл айыпты жоққа шығарды.

Жапониялық Mercer Street танкеріне Араб теңізінде шабуыл жасалғаны туралы 29 шілдеде белгілі болды. Екі дрон шабуылының салдарынан экипаждың екі мүшесі қаза тапты. Біреуі – Британия азаматы, екіншісі – Румыния азаматы. 30 шілдеде қарақшылардың кемеге қастандық жасалғаны туралы ақпаратты Лондондағы Zodiac Maritime компаниясы растады.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу