АҚШ билігі Украинадағы Ресей Федерациясының арнайы әскери операциясы кезінде ирандық дрондарды пайдалану туралы хабарламаларды растай алмайды.
Бұл туралы Пентагонның баспасөз хатшысы, АҚШ Әскери-әуе күштерінің бригадалық генералы Патрик Райдер сейсенбіде өткен брифингте айтты.
"Біз украиналық шенеуніктердің БАҚ-тағы хабарламалары мен түсініктемелерін көрдік, бірақ қазіргі уақытта бұл мәлімдемелерді растау үшін менде ақпарат жоқ", – деді ол.
Тамыз айында The Washington Post газеті Иран Ресейге дрондарын жеткізуде деген мақала жариялады. Кейіннен мұндай мәлімдемелер американдық әкімшілік өкілдерінен айтылды. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мұндай хабарламаларды ақпараттық айыптау деп атады.
Динара Мұрат