АҚШ Иранға қарсы қатаң шараларға баратын болды

770

АҚШ Иранға қарсы қатаң шараларға баратын болды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы экономикалық санкциялардан, сасяи қысымнан бөлек әлдеқайда қатаң шараларды қолдану жолдарын қарастырып жатыр, деп хабарлайды islam.kz.

Бұл шараларды Ақ үй қожайынына осы елдің қорғаныс министрі Джеймс Мэттис, мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсон бастаған ықпалды тұлғалар дайындап бермек.

Нақтырақ айтқанда, АҚШ-тың Иранға қарсы бұл жолғы қолданатын стратегиясы Шам мен Сирия жерінде азаматтық соғысқа тартылған, Иранның қолдауына ие болып отырған шииттік қарулы топтарға қарсы қатаң шара қарастырылуда. Иран қолдау көрсетіп отырған Шам мен Сирия жеріндегі және соғыс жүріп жатқан Йемендегі, сондай-ақ, Бахрейндегі, Синай түбегіндегі, газа секторындағы шииттік қарулы топтардың жол кесуі, Иранның аймақтағы ықпалын азайту, қысқасы, қару-жарақпен, азық-түлікпен, т.б. қамтамасыз етуіне тосқауыл қоюды көздеп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу