АҚШ Иранға қарсы санкциялардың бір бөлігін тоқтатуға дайын

788

27 қазанда Мемлекеттік департаменттің өкілі АҚШ Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін айтқан еді.

АҚШ Иранға қарсы санкциялардың бір бөлігін тоқтатуға дайын Фото: reuters.com

АҚШ Иранға қарсы бірқатар санкцияның күшін жоюға дайын екенін жариялады, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилдтің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, Вашингтон бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарына қайшы келетін шектеулерді алып тастайды. 

27 қазанда Мемлекеттік департаменттің өкілі АҚШ Иранмен ядролық келісім бойынша келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін айтты. Оның сөзінше, америкалық тарап бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары бойынша келісімдерге қол жеткізіп, оларды жүзеге асырады.

Иран бойынша бірлескен жан-жақты іс-қимыл жоспары Тегеран мен алты ел арасында 2015 жылы жасалды. Кейін Иран бұл келісімді өрескел бұзды деп айыпталды. 2018 жылдың мамырында АҚШ мәміледен шығатынын және Иранға қарсы санкциялардың қайта салатынын мәлімдеді.Тегеран болса, 2020 жылғы қаңтарда бұл келісімдегі уағдаластықтардан бас тартатынын жариялады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу