АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтеді. Елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Atameken TV.
Бүгіннен бастап АҚШ Иранның автомобиль секторы, алтын және басқа да бағалы металл саудасына шектеу қояды. Олар мұны Теһрандағы үкімет шешіміне ерегесіп жасап отыр.
Естеріңізде болса, Ақ үй басшысы Иранның ядролық келісімінен шығып, соңынан елге қарсы санкцияны күшейткен болатын. Тіпті барлық одақтастарынан қараша айына дейін Иран мұнайы импортынан бас тартуды талап етті. Осыдан кейін Иран Президенті Хасан Рухани, "жауласқан елді аямаймыз, қарымта қайтарудың барлық амалын қарастырамыз",- деп жауап қайтарған еді.