АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтуді қолға алды

757

Ақ Үй басшысы осыған қатысты бұйрыққа қол қойды. 

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтуді қолға алды

"Мен қаржы министріне Иранға қарсы санкцияларды кеңейтуді тапсырдым", – деп жазды Трамп өзінің Твиттердегі парақшасында. Бірақ әзірге нақты қандай шара қабылданатынын ашып айтпады. 

АҚШ-тың Иранға "барынша қысым" көрсету саясаты Тегеран экспортын құлдыратуға бағытталған. Оның нәтижесінде Иранның мұнай секторы қатты зардап шегуде.  

Ресми Тегеранның мәлімдеуінше, Құрама Штаттардың экономикалық шектеулерінен әсіресе қарапайым халық әбігерге түсуде. Қазіргі таңда олар ең қажетті деген дәрі-дәрмекке қол жеткізе алмай отыр. 

Айта кетейік, Вашингтон 2018 жылы мамыр айында ядролық келісімнен шығып кеткеннен кейін, Трамп әкімшілігі Иранға санкция салған еді. 

2019 жылы Тегеран ядролық келісімге қол қойған еуропалық елдерге наразылығын білдірді. Егер де олар нақты қадамдар жасамаса, келісімнің негізгі шарттарын орындаудан бас тартатынын кесіп айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу