АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салуды көздеп отыр

467

20 қаңтарға дейін шектеулер енгізіледі.

АҚШ Иранға қарсы тағы санкция салуды көздеп отыр

Құрама Штаттар Израиль мен Парсы шығанағындағы араб елдерімен бірлесе 20 қаңтарға дейін Иранға қарсы санкция салуды жоспарлап отыр.Бұл туралы Axios басылымы хабарлады. Қазіргі АҚШ билігі Джозеф Байден билікке келмей тұрып, шектеуді енгізбек. 

"АҚШ-тың Венесуэла және Иран жөніндегі арнайы өкілі Эллиотт Абрамс 8 қарашада Израиль премьері Биньямин Нетаньяху және елдегі Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысымен кездесіп, санкция жайын талқылады", – деп жазылған ресми мәлімдемеде. 

Санкция Иранның ядролық бағдарламасына, Тегеранның лаңкестік ұйымдарды қолдауы мен адам құқығының тапталуына байланысты болады. 
Ескере кететін жайт, 18 қарашада Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео Израиль еліне аттанады. Содан кейін ол осы аймақтағы мемлекеттерге де жұмыс бабымен бармақ.

Табиғат Нұрболат

Фото: ruleoflaw.org.au

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу