АҚШ Иранға көмектескен елге санкция енгізеді

178

Иранға қол ұшын созған мемлекет – АҚШ-тың жауы.   

АҚШ Иранға көмектескен елге санкция енгізеді Фото: armenpress.am

Ақ үй Тегеранға көмектескен елге санкция енгізеді. Мұны Құрама Штаттардың Қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC-ге сілтеме жасап. 

CNBC арнасына берген сұхбатында Бессент Вашингтон Иранға қақтығыс кезеңінен өтуге көмектескен кез келген елді – ол АҚШ-тың одақтасы болсын, қарсыласы болсын – жазалайтынын мәлімдеді.

Оның айтуына қарағанда, Тегеранмен арада ақша аудару, мұнайын сатып алу, теңізде кемеден кемеге жүк ауыстыру секілді барлық байланысты доғару керек. АҚШ билігі сол елге қарсы қатаң шара қолданатынын ескертті.

– Одақтастарымыз бен әлемнің өзге елдеріне нақты таңдау жасайтын уақыт келді. Біз осы режимнің экономикасын құлдыратып, оның аймақтағы ықпалын әлсіретсек, Тегеран билігі әскеріне жалақы төлей алмайды. Қазірдің өзінде Иранда азық-түлік бағасы аспандап тұр. Инфляция дес берер емес. Кейбірі бұл саясат ешқашан нәтиже берген емес дейді. Бірақ бұл жолы нәтиже береді. Өйткені Венесуэла мен Кубадағыдай қысымды күшейтеміз, – деді АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу