АҚШ Иранға салынған санкцияның келіссөзсіз күшін жоймайтынын білдірді

723

Америкалық Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі осылай дейді.

АҚШ Иранға салынған санкцияның келіссөзсіз күшін жоймайтынын білдірді

АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісінің айтуынша, Иран келіссөз жүргізе бастамайынша, Дональд Трамп санкцияларды сол күйі қалдырмақ.

"Егер де бізбен келіссөз жүргізгіңіз келсе, бір нәрседен бас тартуыңыз керек. Негізі, бізге бұл келіссөздердің керегі жоқ. Экономикамыз бұған мұқтаж емес. Керісінше, ирандықтарға керек . Біз неге бірінші болып қадам жасаумыз керек?", – деді ол.

Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс америкалықтардың қаңтардың басында ирандық генерал Касем Сүлейманиді Ирак жерінде өлтіруінен кейін ушығып кеткен болатын. Бұған жауап ретінде Тегеран америкалық әскерилердің Иракта шоғырланған базаларына шабуыл жасады. Ал осыдан кейін Ақ үй Иранның 17 кен өндіретін және металлургиялық компаниясына қарсы санкция енгізген еді. Сонымен қатар Құрама Штаттар мұндай шараны 8 ирандық шенеунікке қарсы қолданған.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу