АҚШ Иранға шабуыл жасаудан уақытша бас тартты

612

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жоспарланған жаңа әскери соққының тоқтатылғанын мәлімдеді.  

АҚШ Иранға шабуыл жасаудан уақытша бас тартты Фото: BILD

Ақ үй басшысы Д.Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында Иран мен Таяу Шығыс елдері Вашингтоннан әскери әрекеттерден уақытша бас тартуды сұрағанын айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, тараптар келісімнің негізгі шарттары бойынша ілгерілеуге қол жеткізген. Мұндай шешім бейбіт келісімге қол жеткізу мүмкіндігіне байланысты қабылданған.

Ақ үй басшысы құжаттағы басты талаптардың бірі – Ормуз бұғазын дереу ашу және Иран тарапынан туындап отырған ядролық қауіптің тоқтатылуы екенін атап өтті.

Сонымен қатар Дональд Трамп егер келіссөздер нәтиже бермесе, АҚШ Иранға қарсы бұрын-соңды болмаған әскери күш қолдануға дайын екенін ескертті.

Осы арада Иранның сыртқы істер министрі Аббас Аракчи Пәкістан және Түркия өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, өңірдегі ахуалды талқылады. Ол АҚШ тарапынан қандай да бір әскери әрекет жасалған жағдайда, Тегеран оған қатаң жауап қайтаратынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу