Сауда және интеграция министрлігі АҚШ-тың Иранмен байланысы бар елдерге қатысты мәлімдемесіне қатысты ресми пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отыр. Қазіргі уақытта ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақты белгісіз, осыған байланысты министрлік әртүрлі даму сценарийлерін бағалауда", – делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, еліміз өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді.
Сондай-ақ сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алатыны айтылды.
Айта кету керек, бұған дейін Трамп Иранмен бизнес жасайтын елдерді де тығырыққа тіреуге жақын екенін жазғанбыз.