Ол АҚШ Иранмен арадағы келіссөздерде айтарлықтай ілгерілеушілік барын жеткізіп, олардың аяқталмағаны туралы хабарламаларды жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вэнстің мәлімдемесі Пәкістанға сапарынан соң жасалып отыр. Ол жерде вице-президент Иран шенеуніктерімен жолыққан.
– Бәрі соларға байланысты. Егер әрі қарай не болатынын сұрасаңыз, менің ойымша, оқиғалардың барысын ирандықтардың өзі анықтайды, – деді ол.
Вице-президент демалыстағы келіссөздер АҚШ-тың басымдықтарын, маңызды халықаралық мұнай құбыры Ормуз бұғазын қайта ашуды нақтылауға көмектескен "пайдалы әңгімелер" болғанын сөз етті.
– Мен "бәрі дұрыс болмады" деп айтпас едім. Бәрі жақсы өтті деп ойлаймын. Біз айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткіздік. Олар біздің бағытымызға қарай жылжыды, – Джей Ди Вэнс.
Вэнс Пәкістандағы кездесу бейбіт келіссөздердің аяқталуына себеп болғанын түсіндірді.
– Олар Тегеранға қайтып оралуы керек еді. Жоғарғы Көшбасшыдан немесе басқа біреуден, біз қойған шарттарды мақұлдау алуы керек еді, – деді АҚШ вице-президенті.
АҚШ бас тартқысы келмейтін мақсаттардың қатарында Джей Ди Вэнс Иранның байытылған уранын бақылау, Иранның болашақта ядролық қару шығара алмайтынына кепілдік беретін тетік жасауды атады.
– Бізде әскери артықшылық бар. Енді біз Ормуз бұғазынан келетін мұнайға салынған блокада арқылы оларға қосымша экономикалық қысым көрсетіп жатырмыз. Бізде ықпал ету тетігі бар және ирандықтар онымен не істейтінін көреміз, – деді ол.