АҚШ пен Араб мемлекеттері Иранмен Таяу Шығыстағы атысты тоқтату туралы жасырын келіссөздерді бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты Channel 12 телеарнасына сілтеме жасап.
Израиль бұл бастамаға қатыспағанымен оның жоғары лауазымды шенеуніктері келіссөздер туралы хабардар.
Телеарна мұндай талпыныстың Газаға қалай әсер ететіні белгісіз екенін атап өтті. Израильдің ХАМАС-пен келісімге келуіне жағдай жасалғанына қармастан, оның соғысты тоқтатуға құлқы жоқ.
"Қазір біз күшті позициядамыз, атысты тоқтату Литани өзенінің солтүстігінен әскерлерді шығару және шекараға жақын аудандардағы барлық Хезболла әскери бөлімдерін жоюды қоса алғанда, біздің шарттарымыз бойынша болады", – деді Израильдің жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі.
Таяу Шығыстағы жағдай шиеленісті күйінде қалып отыр. Қыркүйек айының соңынан бері Израиль Ливанның оңтүстігі мен Бейрутта белсенді түрде әуе шабуылдарын жасап, Хезболланың инфрақұрылымын қиратуда.