АҚШ Иранның қарымта шабуылына дайындалып жатыр

162

Дональд Трамп әкімшілігі Иран тарапынан жасалуы мүмкін қарымта соққыға дайындалуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

АҚШ Иранның қарымта шабуылына дайындалып жатыр Фото: TRT

NBC News арнасының Пентагондағы екі дереккөзі мен Ақ үйдің жоғары лауазымды өкілі хабарлағандай, Дональд Трамп әкімшілігі Иран тарапынан жасалуы мүмкін қарымта соққыға дайындалуда. Алдағы 48 сағат ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.

Ақпарат көздерінің айтуынша, Иранның АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған әуе шабуылына жауап берері әзірге нақты емес. Қарымта соққы АҚШ-тың шетелдегі немесе ішкі инфрақұрылымдарына, не болмаса екеуіне бірдей бағытталуы мүмкін.

Кейінгі бірнеше ай бойы АҚШ-тың шетелдік әскери базалары жоғары жауынгерлік дайындық режимінде жұмыс істеп келген. Алайда, дереккөздердің сөзінше, 13 маусымда Израиль мен Иран арасында соғыс басталғаннан кейін, Вашингтонда шабуыл қаупіне қатысты алаңдаушылық бұрынғыдан да күшейе түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу