АҚШ Иранның мұнайлы аумағына шабуыл жасады

Әуе соққысының Ахваз ауданындағы мұнай құбырына бағытталғанын жергілікті БАҚ хабарлады.

АҚШ Иранның мұнайлы аумағына шабуыл жасады Фото: Majid Saeedi / Getty Images

Мұнда тәулігіне 750 мыңнан 800 мың баррельге дейін "қара алтын" өндіретін ірі кен орындары орналасқан, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Иран мұнай өндірісінің басты орталығына шабуылды әзірге Вашингтон да, Тегеран да ресми түрде растамаған. 

Бұған дейін әлемдік БАҚ-та Иранның Сауд Арабиясы мұнай инфрақұрылымына соққы бергенін жазды. Ирандық әскери күштер Saudi Aramco компаниясының Рас-Танура қаласындағы мұнай өңдеу зауытына бүгін таң атысымен шабуыл жасаған. Бұл зауыт жұмысы тоқтатып, аймақта жанармай тапшылығы қаупін күшейтті.

Қазір жаһандық экономика үшін негізгі қауіп Ормуз бұғазы маңында шоғырланып отыр. Бұған дейін Иран осы стратегиялық бағытпен жүзіп келе жатқан мұнай танкеріне шабуыл жасаған еді. 

Айта кетейік, 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран аумағына, әсіресе Тегеран қаласына соққы жасаған. Кейін Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеидің қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу