АҚШ Иранның нысандарына қайта шабуыл жасады

287

Таяу Шығыстағы ахуал қайта ушықты.  

АҚШ Иранның нысандарына қайта шабуыл жасады Фото: The White House/Flickr

Біршама уақытқа созылған үзілістен кейін АҚШ әскері Иран аумағындағы екі зымыран қондырғысына соққы берді. Тегеран бұған жауап ретінде Иорданиядағы америкалық әскери нысандарға баллистикалық зымырандар ұшырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ күштері 30 тамызда Ормұз бұғазындағы Ларак аралында орналасқан Иранның екі зымыран ұшыру қондырғысын нысанаға алды.

Вашингтонның мәліметінше, олар Ислам революциясы сақшылар корпусының бақылауында болған және Ормұз бұғазына зымырандар мен теңіз миналарын орналастыруға дайындалған. Бұл АҚШ-тың шілде айының соңынан бері Иран аумағына жасаған алғашқы расталған соққысы болды.

Иран тарапының мәліметінше, шабуылдан 2 адам қаза тауып, тағы екеуі жараланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында әскери қызметшілер мен бейбіт тұрғындар бар.

Бұған жауап ретінде Иран Иорданиядағы АҚШ әскери күштерінің екі нысанына баллистикалық зымырандар ұшырды. АҚШ тарапы зымырандардың басым бөлігі ұсталғанын, ірі шығын мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеді.

Вашингтон бұл операцияны КСИР күштері Ормуз бұғазына теңіз миналарын орналастыруға дайындалып жатқаны туралы ақпаратпен түсіндірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу