АҚШ Израиль әскерлерін Газа секторына орналастыру бойынша өз ұстанымын білдірді

385

Газа секторы Палестина территориясы болып қала береді және палестиналықтар сол жерде шешім қабылдағаны дұрыс. 

АҚШ Израиль әскерлерін Газа секторына орналастыру бойынша өз ұстанымын білдірді Фото: freepik.com

Америка Құрама Штаттары Газа секторына ұзақ мерзімді негізде Израиль әскерлерін орналастыру туралы өз ұстанымын білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты DW жаңалықтарына сілтеме жасап.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, Вашингтон ХАМАС-пен қақтығыс аяқталғаннан кейін Израиль әскерлерін Газа секторына тұрақты негізде қайта орналастыруға қарсы.

"Біздің көзқарасымыз бойынша, палестиналықтар барлық шешімдерді өз бетінше қабылдауы керек. Газа секторы – Палестина территориясына жатады және ол сол күйінде қалады", - деді АҚШ Мемлекеттік департаменті баспасөз қызметі басшысының орынбасары Ведант Пател.

Сонымен бірге, Америка Құрама Штаттары 7 қазанда ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін Газа секторындағы статус-квоға қайта оралу мүмкін еместігін атап өтті.

"Израиль мен бүкіл аймақ қауіпсіз болып қалуы қажет, ал Газа секторы Израиль халқына және басқа адамдарға қарсы террористік актілер үшін базаға айналмауы тиіс және бола алмайды", - деп қосты Пател.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу