АҚШ Израиль атысты тоқтатса, Иранға қарсы санкция салуға уәде етті

175

Америкалықтар Иранның энергетика инфрақұрылымы зақымдалуынан жалпы энергетикалық нарықтың құлдырауынан сескенеді.

АҚШ Израиль атысты тоқтатса, Иранға қарсы санкция салуға уәде етті Фото: panthermedia/vostock-photo

Сондықтан АҚШ Тегеранға қарсы экономикалық санкциялар енгізу арқылы Израильге Иранға қарсы шабуылдың ауқымын шектеуді ұсынады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.

"Байденнің командасы Израильдің Иранға қарсы әскери шабуылды шектеуді талап етеді және оның орнына экономикалық санкциялардың жаңа раунды сияқты балама нұсқаларды ұсынады", – делінген хабарламада.

1 қазан күні Иран ел тарихында екінші рет Израильге жаппай зымыран шабуылын жасап, мұны өзін-өзі қорғау әрекеті деп атады. Израиль әскерилері 180-ге жуық баллистикалық зымыран ұшырылғанын, олардың көпшілігі ұсталғанын хабарлады. 

Израиль билігінің хабарлауынша, атыс барысында бірде бір азамат зардап шекпеген. Бірқатар ақпарат құралдары Батыс Шерияда бір адамның, болжам бойынша Газа секторынан келген палестиналықтың қаза тапқанын хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу