АҚШ Израильдің қатыгездігіне көз жұмып отыр — Пхеньян

304

АҚШ Израиль әскерінің Газадағы бейбіт тұрғындарға қарсы адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне көз жұмып қана қоймай, Израильге жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

АҚШ Израильдің қатыгездігіне көз жұмып отыр — Пхеньян Фото: popcake

Солтүстік Кореяның орталық телеграф агенттігінің мәлімдемесінде олар Украинадаға келгенде өздерін тіптен басқаша ұстап, "Ресей агрессиясын айыптауға" шақырды делінген, деп жазады inbusiness.kz.

3 қарашада Корея заң комитетінің өкілі баспасөзге берген мәлімдемесінде АҚШ аймаққа екі соққы авиатасымалдаушы топты жіберіп қана қоймай, Израильде бір шабуылдаушы десанттық кеме, "Таад", "Пэтриот" зенитті зымыран кешенін және басқа да қорғаныс жүйелерін орналастырғанын атап өтті. Сондай-ақ, Ақ үй Парламентте Израильге 14,3 миллиард  долларлық қаржылық қолдауды көздейтін көмек пакетін ұсынды. Осылайша, АҚШ Израильге әскери қолдауды күшейтіп, оны Газа секторына шабуыл жасауға белсенді түрде итермелеп отыр, деп атап өтті мәтінде.

Күні кеше Украинадағы жағдайды "адамзатқа қарсы зұлымдық" деп атаған АҚШ бүгін палестиналықтардың қатыгездікпен өлтірілуіне көз жұмып, тіпті, оны барынша қолдап отыр. Израильді біржақты әскери қолдау — ең үлкен әскери қылмыс және шындап келгенде жазықсыз адамдарды жаппай өлтіруді ақтау. 

Сондықтан АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа шақырылып, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінен шығарылуы керек.

Сонғы ақпаратқа сәйкес, Газа секторында 8000-нан астам палестиналық қаза тапты, оның ішінде 3000-нан астам бала мен 2000 әйел бар, одан бөлек 20 мың адам жарақат алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу