АҚШ Израильдің жақтасы болып қалатынын мәлімдеді

245

АҚШ Таяу Шығыста өз әскерлері мен Израильді қорғау үшін күші мен қаражатын арттыруды жалғастырады. 

АҚШ Израильдің жақтасы болып қалатынын мәлімдеді Фото: газета.ру

Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин өзінің израильдік әріптесі Йоав Галантпен телефон арқылы сөйлескенде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Интерфакс"-қа сілтеме жасап.

"Ллойд Остин деэскалация басым бағыт болса да, Израиль шабуылға ұшыраған жағдайда АҚШ оны қорғайтынын нақты айтты", - делінген хабарламада.

Ол Израильдің қорғаныс министрі Галантты АҚШ-тың "АҚШ, Израиль қарулы күштерін қорғау және Иранның, ливандық "Хезболланың" және Иранмен байланысты басқа да жақтастардың агрессиясын болдырмау мақсатында өңірдегі әскери күшті нығайту" бағытындағы шараларымен таныстырды.

Ллойд Остин америкалық F-22 Raptors ұшақтарының аймаққа келуі туралы ақпаратты растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу