АҚШ Израильге 20 миллиард доллар көмек беруге келісті

175

Көмек пакетінде көрсетілген қару-жарақ Израильге жақын арада жеткізілмейді. 

АҚШ Израильге 20 миллиард доллар көмек беруге келісті Фото: Риа Новости

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израильге құны 20 миллиард доллар болатын қару-жарақтың ықтимал сатылымын мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс басылымына сілтеме жасап.

Пентагонның қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық агенттігінің хабарлауынша, оның ішінде 50 F-15 жойғыш ұшағы, көлік құралдары, орта қашықтықтағы зымырандар мен танктер, минометтерге арналған оқ-дәрілер бар.

"АҚШ Израильдің қауіпсіздігіне мүдделі, біздің ұлттық мүддеміз үшін Израильдің әлеуетін күшті әрі өзін-өзі қорғауға дайын болуға көмектесу өте маңызды. Ықтимал сатылым осы мақсаттарға сай келеді", - делінген хабарламада.

Онда болжамды сату "Израильдің қазіргі және болашақ жауларының қауіп-қатерлеріне қарсы тұру қабілетін күшейтеді, оның аумағын қорғайды, сонымен бірге аймақтық қатерлерді тежеу құралы болады" делінген.

Америкалық БАҚ-тың жазуынша, бұл қару-жарақ Израильге жақын арада келмейді, себебі келісімшарттардың орындалуы бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу