АҚШ Израильге Газадағы операциясын жаңа жылға дейін аяқтауға мерзім берді

303

Бұған дейін, екі ел әскери қысым көрсету мерзімін талқылаған жоқ. 

АҚШ Израильге Газадағы операциясын жаңа жылға дейін аяқтауға мерзім берді Фото: freepik

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Израиль билігіне Газадағы операцияны жаңа жылға дейін аяқтап, палестиналықтарға көмекті арттыру керектігін айтты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты The Economist басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху ХАМАС толығымен жойылғанша шайқас жалғасатынын мәлімдеді.

Басылымның хабарлауынша, Америка әкімшілігі де Израильден Газа секторының оңтүстігінде орналасқан 2 миллион палестиналық босқынға қолдауды арттыруды талап еткен.

Ал Axios порталы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, осыған дейін АҚШ Израильге Газадағы операцияны аяқтаудың нақты мерзімін белгілемегенін, жазған болатын. Бұл уақыттың шектеулі екенін және шиеленіс мүмкіндігінше тезірек бейбіт тұрғындар арасында аз шығынмен аяқталуы керектігін көрсетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу