АҚШ Израильге Хезболламен соғыста көмектесе алмайды

174

Израиль мен "Хезболла" қақтығысы кезінде Иран Ливан қозғалысына барынша қолдау көрсетеді.

АҚШ Израильге Хезболламен соғыста көмектесе алмайды Фото: U.S. Air Force/Keystone Press Agency/Global Look Press

Еврей мемлекеті "Хезболламен" толыққанды соғыс бастаған жағдайда АҚШ Израильге өз аумағын қорғауға көмектесе алмауы мүмкін, дейді АҚШ-тың ҚК Біріккен штаб бастықтарының төрағасы Чарльз Браун. Бұл туралы Associated Press жазды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Браун АҚШ Израильге Хезболламен толыққанды соғысқа қарсы оны қорғауға көмектесе алмайтынын айтты", - делінген хабарламада.

Браун, агенттіктің хабарлауынша, Израиль мен "Хезболла" қақтығысы кезінде Иран Ливан қозғалысына барынша қолдау көрсететінін, бұл аймақтағы АҚШ күштеріне қауіп төндіретін үлкен қақтығысты тудыратынын атап өтті.

Соңғы күндері Израиль шенеуніктері "Хезболла" шабылуының жалғасуына байланысты Ливан майданындағы одан әрі іс-қимыл туралы шешім қабылдау сәтіне Израиль жақын деп мәлімдей бастады. 

Израиль СІМ басшысы Исраэль Катц "Хезболланы" соғыс ашқан жағдайда жойып, Ливанға ауыр зиян келтіретінін айтып қорқытты. Израиль қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) маусым айының басында Ливанға шабуыл жасау үшін әскери шаралар жоспарын бекіткенін мәлімдеді.

Израиль-Ливан шекарасындағы жағдай 2023 жылдың қазан айында Газа секторында Израильдің соғыс қимылдары басталғаннан кейін шиеленісе түсті. Израиль армиясы мен Хезболла күн сайын шекара бойындағы аудандарда бір-бірінің позицияларына оқ жаудырады. Ливан СІМ мәліметтері бойынша, 100 мыңға жуық адам Израильдің шабуылдарына байланысты Ливанның оңтүстігіндегі үйлерінен кетуге мәжбүр болды. Израиль тарапы осындай жағдайға тап болған солтүстік Израильдің 80 мың тұрғындары жайлы хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу